Өскеменде этно-дефиле және "шашбау-пати" өтті
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Наурыз мерекесін тойлады

Көктемгі жаңару мен ұлттық бірліктің символына айналған мерекеге студенттер, оқытушылар, құрметті қонақтар және қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Университет аумағы нағыз этноауылға айналды: мұнда киіз үйлер құрылып, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті. Мәселен, қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 180 жылдығына арналған "Абай әлемі" киіз үйі, Жеңістің 80 жылдығы мен Сағадат Нұрмағамбетовке арналған "Батыр рухы - ел тірегі" композициясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Бірлік мекені" киіз үйі болды.
Сондай-ақ, ұлттық киімдегі этно-дефиле, "Бауырсақ пати", "Шашбау бұрым пати", спорттық жарыстар мен дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі сайыстарға қатысып, концерттік бағдарламадан ләззат алды.