Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да демалыс күндері 150 рет шөп өртенген

Көбінесе ашық далада және саяжайлардағы шөп өртенген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да демалыс күндері 150 рет шөп өртенген
Фото:
ШҚО ТЖД

ШҚО ТЖД мамандары өрт адамдардың абайсыздығынан шығатынын айтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Демалыс күндері шығыста +27ºС дейін күн ысыды. ШҚО ТЖД демалыс күндері 150 рет өртенген шөпті сөндіруге шыққан. Өрт сөндірушілер халыққа желді ауа райында, үйлердің маңында от жағып, құрғақ шөп пен қамысты өртеуге болмайтынын ескертеді. Жол бойында көліктен сөндірілмеген темекі тұқылын, әйнек ыдыстарды лақтыруға болмайды.

Рұқсат етілмеген жерде от, ошақ жағу және құрғақ шөпті өртеу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

  • ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы " кодексінің 336-бабы бойынша – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
  • ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы " кодексінің  410-бабы бойынша – ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған;
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша – отты немесе қауіпті көздерді абайсыз қолдану салдарынан бөгде мүлікті жою немесе бүлдіру, ауыр зардаптарға немесе аса ірі залалға әкеп соққан жағдайда – 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.
Следующая →