Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
538.13
+0.02
624.88
+1.37
¥
75.56
+0.03
6.64
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде француз киносының фестивалі өтеді

12-18 сәуір аралығында "Юбилейный" кинотеатрында "ЮБIFRANCE 25" француз киносының фестивалі өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде француз киносының фестивалі өтеді
Фото:
pexels

Фестивальді Францияның Қазақстандағы елшілігі, Француз институты және "Юбилейный" кинотеатры бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ертең сағат 18.00-де өтетін фестивальдің ресми ашылуына Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге және Франция Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Клара Мейзен қатысады.

Ресми бөлімнен кейін көрермендер алғашқы фильмді тамашалайды — бұл бір аптаға созылатын кино мерекесінің бастамасы болмақ.

Фестиваль бағдарламасы бойынша 7 фильм көрсетіледі - 5 көркем және 2 анимациялық кинотуынды. Халықаралық кинофестивальдерде жоғары баға алған, әлем көрермендерінің ықыласына бөленген туындылардың жанры әртүрлі: комедия, драма, отбасылық және авторлық фильмдер.

Кино көрсетілімдері күн сайын кешкі уақытта өтеді. Барлық фильмдер түпнұсқа француз тілінде, орысша субтитрмен ұсынылады. Бұл көрермендерге француз тілінің әуезін естіп, нағыз француз киносының атмосферасын сезінуге жол ашады.

Следующая →