Өскеменде Үлбі өзенінің суы көтерілді
Осыған байланысты көпір асты өткелдері уақытша жабылды

Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Спорт сарайы маңындағы, Протазанов көшесі мен Мыза - Ворошилов бағытындағы көпір асты жолдар уақытша жабылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. - Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда.
Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталмақ.
Айта кетейік, өзендегі су қазір 6.20 м көтерілген. Су деңгейі 6.15 м-ге жеткен кезде қауіпсіздік үшін көпір асты жолдары жабылады. Су 8 м-ге көтерілсе, қауіпті деп есептеледі.