Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
518.34
-0.63
607.91
+0.61
¥
72.24
-0.04
6.66
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы қиын жағдайға түскен азаматтардың қаржылық сауатын ашуда

ШҚО-да AMANAT партиясының бастамасымен "Қарызсыз қоғам" жобасы жүзеге асырылуда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы қиын жағдайға түскен азаматтардың қаржылық сауатын ашуда
Фото:
pexels

Бұл жобаның менторы Ермек Жұмағұлов Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған адамдармен кездесіп, жоба туралы кеңінен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық саутылығын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Мұндағы басты мақсат – азаматтарға қаржылық және құқықтық көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектесу.

Қазір несиесі жоқ адам кемде-кем. Статистикаға сүйенсек, елімізде талай адам несие мерзімін өткізіп алған. Бұл үлкен мәселеге айналды. "Қарызсыз қоғам" жобасы қарапайым адамды осындай қиындықтардан сақтайды. Қаржылық сауатын арттырады. Одан бөлек қосымша табыс пен отбасылық бюджет туралы да ақпарат беріледі, - деді "Қарызсыз қоғам" жобасының менторы Ермек Жұмағұлов.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің подполковнигі Азамат Кулубаевтың айтуынша, бұл жоба істі болған азаматтар үшін таптырмас көмек болмақ. 

"Қарызсыз қоғам" курсы қаржылық дағдыларды жетілдіруге, ақшаны сауатты жұмсауға, қаржылық қиындықтардан аулақ болуға және болашаққа сеніммен қадам басуға үйретеді. Бұл бюджетті жоспарлау, дұрыс қаржылық әдеттерді қалыптастыруды, ақшаны басқарудағы тұрақтылық туралы пайдалы кеңестерді қамтиды, - деді Азамат Кулубаев.

Ал Сол жағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға лейтенанты Шынар Асқарова сотталғандардың қарызға бату түйткілдерін тарқатып, шешуге көмек беретін дәл осындай жобаның іске асырылғанына қуанышты екенін жеткізді.

Следующая →