Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +32°
$
542.29
-0.37
629.54
-2.44
¥
75.44
-0.10
6.77
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен әкімі №25 бағыттағы автобустар жаңартылатынын айтты

Кеше Аблакет ауданына қатынайтын қоғамдық көліктің дөңгелегі жарылып, аялдамада тұрған әйел жараланған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен әкімі №25 бағыттағы автобустар жаңартылатынын айтты
Фото:
Устинка LIVE

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов журналистермен өткен брифинг кезінде бұл бағыттағы ескі автобустардың барлығы жаңартылуын қадағалайтынын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

«ГЭС-Понтон көпірі» бағытында қатынайтын жалғыз №25 маршруттағы автобустардың әбден тозығы жеткенін жергілікті халық баяғыдан айтып жүр. Тіпті, жазда саяжайға баратындар интервалдың ұзақтығына байланысты автобусты сағаттап күтіп, тіпті сыймай қалып жататын.

Ал күні кеше ескірген автобустардың бірінде оқыс оқиға орын алды. Volvo маркалы автобуста пневматикалық баллон жарылды. Соның сынықтарынан автобус күтіп тұрған 63 жастағы әйел жарақат алды.

Осыдан кейін Алмат Талғатұлы дәл осы бағыттағы автобустар ауыстырылатынын айтты.

Оқыс оқиға орын алғаны өкінішті. Бұл автобустар, тіпті, менің бала күнімнен бері қызмет етіп келеді. Бұл мәселені мен өз бақылауыма алып, жақын уақытта шешеміз, - деді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, облыс оратылығында жыл сайын қоғамдық көліктер жаңартылуда. Биыл барлығы 40 автобус пен шағын автобустар жеткізіледі. Осылайша ескі қоғамдық көліктер біртіндеп ығыса береді.

Следующая →