Әскери кафедра түлектері жұмыс берушілермен кездесті
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да "Түлектер жәрмеңкесі" аясында "Мансаптық марафон" шарасы өтті

2025 жылғы "Мансаптық марафон" аясында ШҚТУ түлектері өңірдің жетекші кәсіпорындарының өкілдерімен кездесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, сұхбаттасудан өтіп, жұмыс берушілерден түрлі ұсыныстар алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кету керек, ШҚТУ-дың әскери кафедрасы жас мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Білім берумен қатар, офицерлік атақтар беру және түлектерді елдің күштік құрылымдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.
"Мансаптық марафонға" ШҚО Қорғаныс істері департаментінің және Өскемен гарнизонының №27943 әскери бөлімінің өкілдері қатысты.
"Мансаптық марафон" аясында әскери кафедраға ерекше назар аударылды. Бұл жерде студенттер сапалы әскери дайындықтан өтіп, офицерлік атақтарға ие болады. Бұл оларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге немесе әскери даярлықты қажет ететін құрылымдарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ШҚО Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары майор Жасулан Сатыбалдиев.
![]()
Іс-шара барысында ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері "ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызмет" тақырыбында брифинг өткізіп, әскери кафедра түлектері үшін келісімшарт бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, әскери қызметтің жеңілдіктері мен артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ әскердегі мансап, түрлі әскери бөлімдерде қызмет ету, біліктілікті арттыру және қызметте өсу бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, әскери кафедра түлектері Қарулы күш құрылымдардың өкілдерімен тікелей кездесіп, әскери қызметтің шарттары мен келісімшарт бойынша жұмыс мүмкіндіктері туралы сұрақтар қоя алды. Әскери және құқық қорғау органдарының жұмыс берушілері жас запастағы офицерлерге арналған бос жұмыс орындары мен тағылымдамалық бағдарламаларды таныстырды.