Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өскемен қаласында орталық көшелерді абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын таппақ
Өскемен қаласының сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру мақсатында орталық көшелерді кешенді абаттандыру жобалары әзірленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі қалалық әкімдік ақпаратына сүйеніп.
Жоба бойынша Чехов, С. Нұрмұхамбетов көшелері, Шәкәрім және Абай даңғылдары, Қазақстан, Крылов, Қасым Қайсенов, Қабанбай батыр, Гоголь және Теміржолшылар көшелері абаттандырылады. Яғни, ғимараттардың қасбеттерін түрлі түске бояп, кіреберістер ретке келтіріледі.
Сондай-ақ, маңдайшаларды біріздендіру, қасбеттерді безендіру, түнгі уақытта сәулеттік жарықтандыру ұйымдастыру, ғимараттарға іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.