Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұландықтар тыл ардагері Анастасия Светочеваға құрмет көрсетті

Өскеменде "Жеңіске дейінгі 100 күн" акциясы жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұландықтар тыл ардагері Анастасия Светочеваға құрмет көрсетті
Фото:
ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметі

№3477 әскери бөлімінің офицерлері мен сержанттары, сондай-ақ "Жас Бүркіт" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Анастасия Павловнаның үйіне барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Әскери бөлім командирі полковник Руслан Есенғалиев Анастасия Павловнаға жеңіске қосқан баға жетпес үлесі, соғыс жылдарындағы еткен еңбегі мен кейінгі ұрпаққа көрсеткен табандылықтың таптырмас үлгісі үшін алғысын білдіріп, ардагерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Анастасия Павловна ғасырдан асқан жасына қарамастан, әлі де тың әрі санасы сергек. Ол барша әскери ұжымға мерекелік көңіл сыйлағандары үшін алғысын айтты.

Біз ата-бабаларымыздың ерлікке толы өткенін әрқашан есте сақтауға міндеттіміз, - дейді №3477 әскери бөлімінің командирі. - Мұндай кездесулер жас ұрпаққа бейбітшілік пен тәуелсіздіктің бағасын ұқтырып, аға буынға құрмет көрсетуге үйретеді.

№5518 әскери бөлім оркестрі соғыс жылдарындағы әндерден шашу шашты.

Следующая →