ШҚО-да екі күнде мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді
Олардың 150-ге жуығы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішумен байланысты

Өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл күндері жеті жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды. Мәселен, күйеуінің мас күйде көлік тізгіндегенін полицияға әйелі хабарлаған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел әрекет етті: бейнебақылау жүйесінің көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының инспекторларымен бірлесіп, көліктің тұрған жерін анықтап, оны Өскемен қаласының көшелерінің бірінде тоқтатты, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Көлікті тізгіндеген 33 жастағы ер адам болған. Ол көлікті масаң күйде басқарғаны аздай, 2030 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, көлік айыппұл тұрағына қойылды, ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.