Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО жолдарына 14,3 млрд теңге бөлінеді

Оның басым бөлігі 339 шақырым жол мен көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуге жұмсалады

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО жолдарына 14,3 млрд теңге бөлінеді
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы өңірдің негізгі даму мәселелері талқыланған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласындағы көлік жолайрықтарын салуға (Сәтпаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесінің қиылысы, Пермитин көшесі мен Славский жағалауы бойындағы жолайрық), Күршім ауылын айналып өтетін жол құрылысына, сондай-ақ Риддер қаласындағы Громатуха өзені арқылы өтетін көпірді жөндеуге 5,2 млрд теңге бағытталмақ.

Ал облыстағы елді мекендерде 339 км жол мен көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуге 9,1 млрд теңге жұмсалады. Ол "Ақжар – Шілікті – Зайсан", "Ақжар-Омбы-Майқапшағай", "Күршім-Қалжыр", "Күршім-Қалжыр-Бурабай", "Қазан өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка", "Новотроицкое ауылына кіреберіс", "Өскемен-Тарғын-Самарское", "Мамай батыр-Бозанбай", "Көкпекті-Самарское-Васильевка өткелі", "Күршім-Қалжыр-Ақсуат" жолдарын жөндеу.

Сонымен қатар, "Өскемен-Тарханка-Топиха-Черемшанка" автожолын қайта жаңарту және Ескі Австрия жолын (Урунхайка ауылынан "Өскемен – Рахман қайнарлары" тас жолына дейін) жөндеу жобалары қарастырылған. Серікбаев және Виноградов көшелері бойында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша конкурс аяқталды (жеңімпаз – "Қазақ Промтранспроект" ЖШС).

Облыста жолдарды паспортизациялау және цифрландыру жұмыстары басталды. Жинақталған деректер негізінде жолдарды жөндеу және күтіп ұстау бойынша техникалық шешімдер қабылданатын болады.

Отырыста облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жол жөндеу сапасына сын айтып, жауапты органдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.

Егер облыс орталығындағы мердігерлер осылай жұмыс істесе, басқалары туралы айтудың өзі қиын. Басқа мердігер ұйымдарда 15 жылдық кепілдік бар, ал бізде қар еріген сайын шұрық-тесік жол пайда болады. Жаңа көпір құрылысы туралы айтылып жатыр, бірақ қазірдің өзінде ескісін жөндей алмай отырсыздар. Сапа үшін жанашырлықпен қарайтын мердігерлерді табу керек. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы бақыланады, бірақ нәтиже жоқ, – деді өңір басшысы.

Следующая →