Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Ертіс көпірінің астында спорттық алаң пайда болады

Қала тұрғындарына қолайлы демалыс жағдайын жасау мақсатында бірнеше қоғамдық орындар құрылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Ертіс көпірінің астында спорттық алаң пайда болады
Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінен

Қаладағы бірнеше саябақ пен Ертіс көпірінің асты абаттандырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.

Маңызды нысандардың бірі - Согра шағын ауданында саябақ. Мұнда ауқымды өзгерістер орын алмақ: балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары жасалып, жарық тартылады.

Сондай-ақ, ШҚТУ, Меновное, Лихарев, Күлен кенті және вокзал аумағындағы саябақтар абаттандырылады. Бұл аумақтар барлық қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып ретке келтіріледі – көгалдандыру, жайлы демалыс аймақтары, жолдары асфальтталады, жарық тартылады, заманауи сәулеттік нысандар орнатылады. Мұнда балалар ойын алаңдары, воркаут аймақтары, футбол, баскетбол және волейбол алаңдарын салу да қарастырылған.

Бұдан бөлек, қалада бірегей көпір асты кеңістігі пайда болады. Көпір асты кеңістігіне көрермендерге арналған трибуна, балалар ойын алаңдары, фитнес-аймақ және баскетбол, скейт алаңдары кіреді, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. - Осылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен бос уақытты тиімді өткізуге арналған. Осылайша бұқаралық спортты насихаттауға және күнделікті дене жаттығуларымен еркін айналысуға баса назар аударылды. Спорт алаңдарында муралдар салынады, сонымен қатар фуд-корттар орнатылады. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларын орналастырылады. Кешенді көгалдандыру да қарастырылған. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орнына айналары сөзсіз.

Следующая →