Өскемен
облачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +16°
$
521.9
593.5
¥
71.47
6.39
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде егде жастағы тұрғындарға арналған орталық ашылды

Орталықта дене шынықтыру, зияткерлік жаттығулар, шығармашылық үйірмелер мен әлеуметтік жобалар ұйымдастырылатын болады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде егде жастағы тұрғындарға арналған орталық ашылды
Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінен

Облыс орталығындағы алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылу салтанатына өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Алмат Ақышов қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ашылу күні қонақтарға орталыққа шолу экскурсиясы ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары мен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Орталықтың миссиясы – егде жастағы адамдарды мәдени, шығармашылық, спорттық және қоғамдық өмірге белсене тарту, олардың жаңа жетістіктерге жетуіне және жарқын сәттерді бастан кешуіне мүмкіндік жасау.

Бұл орталықта қолөнер және қолданбалы өнер кабинеттері, арт-терапия, емдік дене шынықтыру, музыка сабақтары өтетін бөлімдер, сондай-ақ жайлы демалыс аймағы бар. Әрбір келуші өзіне ұнайтын іспен айналысып, жаңа достар тауып, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алады.

Мен үшін киіз – тарихы терең, ата-бабамыздың жылуы мен жанын сақтаған ерекше материал. Махаббат пен ықыласпен жасалған әрбір бұйым біздің тамырымыздан сыр шертеді және өткен мен бүгінді байланыстырады, – дейді қолөнер шебері Янина Игнатьева.

Орталықтың зияткерлік бөлімінде шахмат сабақтары өткізіліп, қатысушылар стратегиялық ойлау дағдыларын дамытып, достық кездесулерде бақ сынай алады.

Шахмат – ақыл мен тактиканың ойыны. Осындай мүмкіндікті ұсынып, қолдау білдірген ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді шахматтан бірнеше рет чемпион атанған Анатолий Васильевич.

Орталықтың миссиясы – егде жастағы адамдарды мәдени, шығармашылық, спорттық және қоғамдық өмірге белсене тарту, олардың жаңа жетістіктерге жетуіне және жарқын сәттерді бастан кешуіне мүмкіндік жасау.

Айта кетейік, орталық "Гостиный двор" сауда кешенінде орналасқан.

Следующая →