Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Отандық "Патруль" сериалында басты рөлді сомдаған әртістердің бірі Білімжан Тұрсынов Ұлттық ұлан сапына қосылды
Ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы №5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын атқаруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Көптің көзайымына айналған телехикаяда полиция қызметкерінің рөлін сомдаған өнерпаз көрермен көңілінен шыға білді. 7-маусымын Семей қаласында түсірген атышулы сериалдың белді актеріне отандық режиссерлер киноға түсуге ұсыныс тастапты. Алайда Білімжан алдымен мерзімді әскери қызметті өткеруді жөн санаған.
Мен Ұлттық ұлан сапына қосылғаныма қуаныштымын. Әскери бөлімде өнердегі жолдастарымды жүздестірдім. Мен жауынгерлік жасақ қатарында Өскемен қаласының қауіпсіздігін күзетемін. Отан алдындағы борышымды абыройлы түрде өткеру мен үшін басты міндет. Ал өнер өлкесіне оралу әлі де кеш емес. Жалпы, өзіме комедия жанрындағы фильмдерге түскен ұнайды, - дейді қатардағы жауынгер.
Білімжан әскерге дейін Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында актер болып қызмет атқарған. Ол өнер ошағында "Сотанайдың соңғы үйленуі", "Әйел махаббаты" секілді спекталдерде өнер көрсетіпті. Голливуд жұлдызы, әйгілі актер Джони Дэппті үлгі тұтатын азамат алдағы уақытта қазақ театр және кино өнерінің жарқын жұлдызы болуды мақсат тұтады.