Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана Наурызнама онкүндігін бастады

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана "Көрісу күні – Амал мерекесін" атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана Наурызнама онкүндігін бастады
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапхана

Кітапхана қызметкерлері қонақтардын ақ тілекпен қарсы алып, көпшілік бір-бірімен төс қағысып амандасып, "қауышу" жоралғысы жасалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгіннен бастап Наурызнаманың әр күніне түрлі шаралар жоспарланған:

  • 15 наурыз – "Қайырымдылық күні" кітапхана қызметкерлері мен еріктілер көшпелі мерекелік шарамен "Қарттар үйінде" қонақта болып, қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, бір серпілтіп тастамақ.

  • 16 наурыз – "Шаңырақ күні" отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналады.

  • 17 наурыз - кітапхана келушілерін қолөнер шеберлері Жаухаз Бабаханова мен Бақытгүл Қанжарқанқызының және  т.б қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы "Наурызға тарту" атты көрме-жәрмеңкесі қарсы алады. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары құрт, ірімшік, сары май т.б өнімдер жәрмеңкенің сәнін келтіреді.

  • 18 наурыз - "Ұлттық киім" күні кітапханада қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған сән көрсетілімі өтеді. Кітапхананың  үлкен залында қаламыздағы өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген "Тұмар" өнерпаздар тобы өз тыңдармандарына мерекелік сый жасап, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарына концерттік бағдарлама ұсынса, поэзияға қалам тербеп жүрген жас ақындардың бір шоғыры өз туындыларымен кештің көркін қыздыратын болады.

  • 20 наурыз – "Ұлттық спорт күніне" орай қазақтың ұлттық дәстүрлі ойыны тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасындағы турнир өтеді.

Сонымен бірге "Ынтымақ күні", "Жыл басы", "Тазару күні" атауларымен арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптейді.

Следующая →