Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +26°
$
513.74
-2.27
569.17
-13.30
¥
71.26
-0.04
6.33
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да алғаш рет креативті индустриялар форумы – "Shygys Creative Hub" өтеді

Форумға Алматы, Астана, Батыс Қазақстан облысы мен Санкт-Петербургтен келген жетекші сарапшылар мен спикерлер қатысады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да алғаш рет креативті индустриялар форумы – "Shygys Creative Hub" өтеді
Фото:
pexels

Актер, режиссер, блогер, диктор, кәсіпкер, әнші, биші, жазушылар өз тәжірибелерімен және креативті индустриялардағы табысты жұмыс тәжірибелерімен бөліседі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Shygys creative hub" - бұл өнер мен шығармашылықтың әртүрлі салаларында кәсіпқойлар мен жаңадан бастаған креаторлар кездесетін тәжірибе алмасуға және байланыс кеңістігін құруға арналған бірегей алаң. Форум қатысушыларға өздерінің жетістіктері мен идеяларын көрсетуге, сондай-ақ жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін демонстрациялық алаңдарды, мастер-класстарды, дәрістерді, интерактивті аймақтарды, сахна мен жәрмеңкені қамтитын интеграцияланған оқиға.

Форум аясында белсенді талқылаулар, таныстық, идея алмасу өзара іс-қимыл үшін бірегей мүмкіндіктер ұйымдастыру жоспарлануда.

Форум тек кәсіби креаторлар үшін ғана емес, сонымен қатар креативті салаларда өз жолын енді бастаған және пікірлес адамдар мен серіктестер тапқысы келетіндер үшін де қызықты болады.

Бұл күні түрлі шеберлік сабақтары өтіп, жергілікті креаторлар жасаған бірегей кәдесыйлар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Келемін деушілерге есік ашық. Форум 14 наурыз сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы ғимаратында (ЦДК) өтеді.

Следующая →