Өскемен қаласында "кезбе ұрылар" ұсталды
Полиция Өскемен қаласындағы пәтерлердің бірін тонап кеткендерді жедел анықтады

Күдіктілер қалаға басқа өңірден келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер басқа өңірден келіп, ұрлықты алдын ала жоспарлаған. Олар құлыпқа кілт таңдап, көпқабатты үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, екі ноутбук, зергерлік бұйымдар және басқа да бағалы заттарды жымқырған. Келтірілген шығын мөлшері 1 350 000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Құқық қорғау органдары азаматтарға сақ болуды ескертеді. Үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді құлып, бейнебақылау жүйесін немесе дабыл қондырғысын орнату ұсынылады. Сонымен қатар, аулада немесе уйге кірерберісте күдікті адамдар байқалса, оларды назардан тыс қалдырмай, қажет болған жағдайда полицияға хабар беру маңызды. Кез келген күмәнді жағдайлар ұрлықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі.