Шығысқазақстандық педагог мемлекеттік наградаға ие болды
Бақытжан Аханова "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын алды

Ұлан ауданындағы Балалар музыка мектебінің директоры Президент қолынан марапат алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағымен Шығыс Қазақстан облысынан Ұлан ауданының білім басқармасы "Балалар музыка мектебі" КМҚК директоры Бақытжан Омарғалиқызы да бар.