Өскемен
Қалың бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    +2°
  • Алматы
    +8°
  • Риддер
    +4°
  • Астана
  • Ақтөбе
    +13°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +8°
  • Түркістан
    +16°
  • Орал
    +10°
  • Шымкент
    +12°
$
482.53
555.44
¥
69.83
5.92
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 5000-нан астам бір реттік есірткі дозасы тәркіленді

Каннабис тобына жататын есірткі құралдарын сатып жүрген Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 5000-нан астам бір реттік есірткі дозасы тәркіленді
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Бұл қылмысты облыстық прокуратураның үйлестіруімен Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ашты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті азаматтың қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқаны белгілі болды. Аталған іс-шаралар барысында 20 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді, бұл 5000-нан астам бір реттік дозаға тең, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Полицейлер есірткі тарату арналары мен ықтимал сыбайластарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген мәлімет туралы хабарлауға шақырады.

Следующая →