ШҚО полициясы көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау үшін тексерісті күшейтеді
Бүгін облыс бойынша "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Оның мақсаты – көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау және алдын алу, сондай-ақ өңірге келген шетелдіктер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың тұратын және жұмыс істейтін орындарына рейд жүргізеді, кәсіпорындар, базарлар, құрылыс нысандары және басқа да орындар тексеріледі. Көші-қон заңнамасының сақталуы мен мигранттардың еңбек қызметінің заңдылығына ерекше көңіл бөлінеді, - деп хабарлады ШҚО ПД.
ШҚО Полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл талаптар шетелдіктерге де, оларды заңсыз жұмысқа тартқан Қазақстан азаматтарына да қатысты.