Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +30°
$
537.34
-0.41
623.05
-3.38
¥
74.85
-0.07
6.65
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Айтыстың бас бәйгесін шығыстың ақыны алды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық ақындар айтысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Айтыстың бас бәйгесін шығыстың ақыны алды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айтыс жерлес жазушы Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығына арналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық филармонияның көрермендер залында ине шаншар орын болмады, тіпті жеті сағат бойы тұрып тамашалағандар болды. Таңғы 11.00-де басталған айтыс ауызашар уақытта бірақ мәресіне жетті. Айтысқа Қазақстан Республикасының әр облысынан 12 ақын келген. Алаштың аяулы ақындары Мақсат Ақанов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртай, Аспанбек Шұғатаев, Біржан Байту, Иранғайып Күзенбаевтар тамаша айтыс көрсетті. Ал облыс намысын Серік Қуанған мен Ардабек Ақбаба қорғады. Айтысты Аманжол Әлтай жүргізді.

Облыс орталығында араға он жыл салып қайта ұйымдастырылған айтыс – ұлтымыздың ерекше өнері ретінде сағынған халықтың айызын қандырды. Айтыс барысында ащы да тұщы тақырыптар, орынды әзіл-қалжың мен елдік мәселелер қозғалып, көрерменнің қолдауына ие болды.

Аламан бәйгедегі әділқазылар алқасының төрағасы болып айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының басқарма төрағасы, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" Жүрсін Ерман арнайы келді. Одан өзге қазылар құрамында жазушы, публицист, ҚР Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев; белгілі ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері"  Қалқаман Сарин; ақын, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" Жанарбек Әшімжан; ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының Абай облысы бойынша филиалының директоры Дәулет Сметов; әділқазылар алқасының мүшесі, ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, "Айтыстың ақтаңгері" атағының иегері Серік Құсанбаев; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, "Құрмет" орденінің иегері Серікзат Дүйсенғазы; әділқазылар алқасының сарапшысы Өміржан Көпбосынов болды.

Шығысымызда сән-салтанаты жарасқан керемет кеш өтті. Айтыс өнерінің жанкүйерлері - сіздерге, от ауыз, орақ тілді, сәйгүліктей жүзден жүйрік шыққан, бүгін бағы жанып, бабы келіп тұрған айтыскерлерге - басымызды иіп үлкен рахметімізді айтамыз. Бұйыртса, Қалихан Ысқақ есімінің құрметіне арналған іс-шаралар легі жазда республикалық деңгейде Катонқарағайда да жалғасын табады. Қара сөздің хас шебері болған ағамыздың өнегелі өмірі – болашақ ұрпаққа үлгі. Сондықтан осындай рухани іс-шаралар жалғасын табуы тиіс. Қазақтың айтысы барда, рухымыз берік, болашағымыз айқын! - деді аймақ басшысы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл айтысқа қомақты қаржы бөлді. Мәселен, бас жүлдеге 3 млн теңге, 1-орынға 2 млн теңге, екі 2-орынға 1 млн теңгеден, екі 3-орынға 750 мың теңгеден тағайындалды. Одан өзге, арнайы ақшалай ынталандыру сыйлықтары да болды.

Айтыс қорытындысы:

  • ІІІ орын - Жансая Мусина, Біржан Байтуов;

  • ІІ орын - Иранғайып Күзенбаев, Аспанбек Шұғатай;

  • І орын - Рүстем Қайыртай;

  • Бас  жүлде - Серік Қуанған.

Следующая →