Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +17°
$
504.34
556.34
¥
69.27
5.97
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде алғашқы кілем тоқушылар фестивалі өтіп жатыр

Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған "Ғасырлық дәстүрлер" атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде алғашқы кілем тоқушылар фестивалі өтіп жатыр
Фото:
Устинка LIVE/В. Иванов

Фестивальге қатысуға 8 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан 27 шебер келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Республикалық фестиваль Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы мен ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұйымдастыруда.

Қолөнершілер қолданатын станоктармен, иіру құралдарымен және ежелгі материалдармен өтетін фестиваль дәстүрлі тоқымашылармен танысу үшін бірегей платформа болды. Көрермендердің назарына бірегей кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, гобелендер және сәндік-қолданбалы өнердің басқа да үлгілері ұсынылды.

Фестивальге Қазақстанның белгілі шеберлері қатысты, олардың арасында:

  • Ұлбосын Дауленова (Алматы облысы) – ЮНЕСКО-ның сапа белгісінің иегері, Қазақстан колөнершілер одағының мүшесі, этнодизайнер;
  • Гүлнар Анапияева (Қызылорда облысы) – Халықаралық қолөнершілер форумының қатысушысы, "Асыл мұра" халықаралық қолөнершілер көрмесінің жүлдегері;
  • Ғалия Рыскалиева (Атырау облысы) – сәндік-қолданбалы өнер шебері, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушысы;
  • Әсел Даулбаева (Жамбыл облысы) – "AlánsQolóner" қолөнершілер бірлестігінің мүшесі;
  • Камаш Толеубаева (Қарағанды облысы) – Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі.

Шығыс Қазақстан облысынан: Ксения Лещенко, Надежда Ионова, Ошан Шакерман, Ергүл Тоқай, Сайлан Мухаметбек, Гульнар Кожамжарова, Дилинур Исмаилова, Динара Асетканова.

Жұмыстарды халық өнері саласындағы жетекші сарапшылар бағалайтын болады:

  • Айжан Бекқұлова – Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы (Алматы қаласы);
  • Тарбия Айдымбаева – сәнгер, Tarbiyabrend сән үйінің жетекшісі;
  • Бибігүл Карденова – "URSHUK" республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы;
  • Райса Мұхамеджанова – "ШҚО қолөнершілер орталығының жетекшісі;
  • Күләш Ақашова – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
Следующая →