Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мерекелер қарсаңында алаяқтық әрекеттер артады

ШҚО-да екі ай ішінде 200-ге жуық адам интернет арқылы алданып қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Мерекелер қарсаңында алаяқтық әрекеттер артады
Фото:
Устинка LIVE

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтардан зардап шегушілердің саны күннен-күнге көбейіп келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Көп таралған алаяқтықтың бірі – 1414 нөмірінен келген жалған хабарламалар. Бұл нөмір шын мәнінде eGov.kz Біріңғай порталына тиесілі және мемлекеттік қызметтер ұсынатын ресми ресурс. Бірақ алаяқтар осы нөмірді пайдаланып, адамдардың жеке мәліметтерін алдап алуға немесе телефонға зиянды бағдарламалар орнатуға тырысады,- деді ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дархан Камалханов.

Соңғы уақытта интернетте "тез байып кетесіз" деген инвестициялық ұсыныстар көбейді. Олар сізге қысқа мерзімде көп ақша табуға көмектесетінін айтып, жалған инвестициялық жобаларға ақша салуға көндіреді. Бірақ іс жүзінде бұл – қарапайым алаяқтық схемасы. 

Тағы бір кең таралған әдіс – "банктің қауіпсіздік қызметі" атынан қоңырау шалу. Бұл жағдайда алаяқтар сіздің банктік шотыңызда күдікті операциялар болып жатқанын айтып, шұғыл түрде карта мәліметтерін немесе SMS-кодты сұрайды.

Әсіресе, мерекелер алдында интернет-дүкендер арқылы жасалатын алаяқтық белсенді түрде артады. Мысалы, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтар гүлдер мен сыйлықтар сататын жалған сайттар ашады. Олар алдын ала төлем жасауды сұрап, кейін тапсырысты орындамай қояды. Кейбір жағдайларда, тапсырысты жеткізу туралы хабарлама жіберіп, оны растау үшін арнайы код сұрайды. Бұл код арқылы олар сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізуі мүмкін, - дейді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл маманы.

Интернет-алаяқтар күн сайын жаңа тәсілдерді ойлап табуда. Сондықтан әрқашан сақ болып, жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеуге тырысыңыз. Егер алаяқтардың құрбаны болып қалсаңыз, бірден полицияға және банкке хабарлаңыз. Ең бастысы – сенімсіз сілтемелерге өтпеу, белгісіз интернет-дүкендерге ақша аудармау және ешкімге жеке деректеріңізді айтпау.

Бүгінгі күні интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін eGov.kz қосымшасы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып, "несиеге тыйым салу" пәрменін айтуға болады. Бұл қызмет сіздің атыңыздан рұқсатсыз несие алуға жол бермейді.

Следующая →