Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +20°
$
516.91
-1.30
586.33
-3.76
¥
70.66
-0.21
6.3
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерилер Өскемендегі ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШҚО Қорғаныс істері департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерліктеріне алғыс білдіріп, көктем мерекесімен құттықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскерилер Өскемендегі ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Ардагерлерге гүл шоқтарын, естелік сыйлықтар мен ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Анастасия Светочева

Ленинград қорғанысына қатысқан Анастасия Павловна Светочева 1922 жылы 11 қарашада Күршім ауданының Буденовка ауылында дүниеге келген. Жастайынан соғыстың ауыр сынақтарына тап болған ол әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің құрамында болып, қалаға жасалған бомбалау зардаптарын жоюға көмектесіп, жаралыларға күтім жасаған. Соғыстан кейін Өскемен қаласына қоныс аударған. Отан қорғаудағы ерен еңбегі үшін II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен марапатталған. 

Александра Саратовцева

Сонымен қатар, соғыс батыры Александра Тихоновна Саратовцева да құттықтауға ие болды. Ол 1925 жылы 12 қазанда Ресейдің Пенза облысы, Николаевка ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында көпірлер тұрғызған құрылыс бригадасында еңбек етіп, Жеңіс күнін Польшаның Новый-Сонч қаласында қарсы алды. Соғыстан кейін балабақша мен училищеде қызмет етіп, өз өмірін еңбекке арнаған. Оның жанқиярлық еңбегі мен әскери жетістіктері II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "Сталинградты азат еткені үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған. 

Ардагерлерді құттықтаған әскерилер олардың ерлігі, қайсарлығы және Отанға деген сүйіспеншілігі өскелең ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті. 

Ардагерлерімізді осынау керемет мерекемен құттықтау мүмкіндігіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз. Олардың ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы – біз үшін баға жетпес үлгі. Бейбіт аспан астында, еркін елде өмір сүру бақытын сыйлаған ардагерлерге алғысымыз шексіз. Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және жан жылуын тілейміз, - деді Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Қуаныш Мусапиров.

Следующая →