Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Өскеменнің қай көшелеріне жарық тартылады?

Облыс орталығында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскеменнің қай көшелеріне жарық тартылады?
Фото:
Устинка LIVE

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 2025 жылы жеті учаскеде жарық бағандары орнатылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биыл Горно-Алтайская көшесі, 28 – 31а, "Ярославец" саяжай қоғамы, Пушкин көшесі ("Томирис" дүкенінен) – Сирень бұрылысы, 19-мөлтек аудан, Әл-Фараби даңғылы, 32 маңы, Халықтар достығы көшесі, Деповская көшесі, "Звезда" саяжай аумағына жарықтандырылады.

Қосымша, тұрғындармен кездесулер нәтижесінде тағы 30 учаскеге жарық орнату жоспарланған. Оның ішінде: Заречный бұрылысы (Сол жағалау мөлтек ауданы), Волжская, Ертіс, Байкал, Свобода көшелері (Согра мөлтек ауданы), Подгорная, Краснодонская, Лесозаводская, Самсоновка, Ульбинская көшесі, Грейдерная көшесінен Абай көшесіне дейінгі айналма жол. Сондай-ақ, депутаттардың тапсырмасына сәйкес, үш маңызды учаскеде жарықтандыру орнатылмақ: автовокзал маңындағы 1-ші Жағалау көшесінің жаяу жүргіншілер жолы ("Коммунальник"), Арматура зауыты маңы.

Осы орайда айта кеткен жөн, қаладағы мектептердің маңын жарықтандыру ерекше назарға алынады.

2025 жылы 20 білім беру мекемесінде көше шамдары орнатылады. Оның ішінде: №1, №3, №4, №9, №12, №14, №19, №20, №24, №26, №27, №29, №30, №34, №43 мектептері және Меновное ауылындағы мектеп бар, - деп мәлімдеді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. - Бүгінде қалада 38 856 жарық шам жұмыс істеп тұр. Оның 22 253-і қаланың меншігінде, ал 16 603-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жарықтандырылды.


Следующая →