Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Наурыз" баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Биыл мемлекет 11 мыңнан астам азаматтың баспаналы болуы үшін қазынадан 300 миллиард теңге бөлген

Усть-Каменогорск и ВКО / "Наурыз" баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Фото:
pixabay

Өтінім "Baspana Market" сайты арқылы қабылданады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бағдарламаға белгіленген санаттағы 18-ден 63 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бастапқы жарна әрленген жаңа пәтер үшін 10%, әрленбеген және екінші нарықтағы баспана үшін 20%-дан басталады. Шотта 2 миллион теңге болу шарт. Несиені өтеу мерзімі – 19 жыл.

"Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау бүгін сағат 9.00-де басталды. Барлық өтінімдер "Baspana Market" жылжымайтын мүлік порталында наурыздың 31-не дейін қабылданады, - деп мәлімдеді "Отбасы банк" ШҚО бойынша өңірлік филиалы. - Өтінім беру үшін сізге ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қажет. Өтінім күнделікті таңғы сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады.

Бағдарламаға соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлкі болмаған барлық қазақстандықтар қатыса алады.

Қатысу үшін не істеу керек?

  • Отбасы банкінде депозит ашу (егер жоқ болса). Депозит мерзімі маңызды емес.

  • Жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек (өтінім берер алдында толықтыруға болады).

  • Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде тұрғын үйдің болмауын растау. Отбасы мүшелері – жұбайы және кәмелетке толмаған балалары. Егер өтінім беруші үйленбеген/тұрмыс құрмаған болса, тек өзінің жылжымайтын мүлкі тексеріледі.

  • Соңғы 6 ай ішінде ресми табысыңыздың болуын қамтамасыз ету.

Следующая →