Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

1 наурызынан бастап ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады, ол маусым айының соңына дейін жалғасады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Биыл ШҚО-дан Отан алдындағы борышын өтеуге мыңнан астам азамат шақыртылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы науқан аясында 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар ҚР Президентінің жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге азаматтарды шақыру – бұл Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтауға бағытталған маңызды процесс. Биыл Шығыс Қазақстан облысынан 1000-нан астам жас жігіт шақырылып, олар бүкіл ел аумағында қызмет етеді, - деді ШҚО Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Сатбалдиев.

Медициналық және шақыру комиссиялары облыстың 10 ауданында өз жұмысын бастайды, ал жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылушыларға хабарлау жұмыстарын ұйымдастырады. Еске сала кетейік, хабарлау тек дәстүрлі шақыру қағаздары арқылы ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды пайдалану – мобильді телефондарға SMS-хабарламалар жіберу арқылы да жүргізіледі.

Әскери қызметтен жалтару заң бойынша ауыр салдары бар екенін атап өту керек. Егер шақырылушы негізсіз келмесе, оған айыппұл салынады, ал медициналық тексеруден өтуден бас тартса – ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Ал егер заңды себепсіз әскери қызметтен жалтарса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл айыппұл төлеуге, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға, тіпті бас бостандығынан айырылуға дейін алып келуі мүмкін.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге қызмет етуге қызығушылықты арттыру үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Олардың арасында "Несиелік демалыс" бағдарламасы, бұл қызметке шақырылған азаматтарға қызмет мерзімінде несиелер мен қарыздарды төлеуден босату мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметті абыроймен атқарып шыққан азаматтарға "Срочник 2.0" жобасы аясында университеттерге қабылдау емтихансыз түсу мүмкіндігін ұсынады.

Следующая →