Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +20°
$
516.91
-1.30
586.33
-3.76
¥
70.66
-0.21
6.3
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да үш ауданда балаларға арналған коррекциялық кабинет ашылады

Инклюзивті білім беру бағыты бойынша өңірде жеті мектеп жұмыс істейді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да үш ауданда балаларға арналған коррекциялық кабинет ашылады
Фото:
pixabay

Тарбағатай ауданында алғаш рет коррекциялық кабинеттер ашылды, бұл жұмыстарды Катонқарағай, Самар, Марқакөл аудандарында жалғаспақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышевамен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда облыста екі-үш жастағы балалар үшін мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығы байқалады. Біз бұл мәселені жекеменшік балабақшалар ашу мен жұмыс істеп тұрған мекемелерді кеңейту арқылы жүйелі түрде шешетін боламыз, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы жаңа білім ошақтарын салып қана қоймай, жұмыс істеп тұрғандарын да жөндеуден өткізіп, жабдықтауға көңіл бөлу керектігін атап өтті. Биыл бес мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Білім беру үрдісінде балалардың тәрбиесі мен буллингтің алдын алу сынды мәселелерге ерекше назар аударған жөн. Сондай-ақ заманауи білім беру талаптарына сай педагогтардың біліктілігін арттыруды жалғастыру маңызды, - дейді Нұрымбет Аманұлы. - Бұдан бөлек, мен облыстағы түлектердің ҰБТ-ны тапсыру көрсеткіштеріне талдау жасап, мәселелерді анықтап, оларды шешу алгоритмдерін әзірлеуді тапсырдым.

ҚР Президенті 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Осы ретте облыстың бірқатар мектебінде туризм, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, еңбек нарығында сұранысқа ие өзге де салалар бойынша курстар енгізілуде.

Следующая →