ШҚО-да үздік туристік рекреациялық аймақтар таңдалады
"ШҚО-ның үздік туристік рекреациялық аймағы" атағына байқау өтті

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 млрд теңге, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Туризмнің әртүрлі бағыттарын қамтитын 24 жоба қатысты. Оның ішінде жағажай туризмі, экологиялық, ауылдық, емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, қысқы тау шаңғысы туризмі салаларындағы бастамалар бар.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 млрд теңге. Бұл қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, жол салуға, электр желілерін тартуға жұмсалады. Қаражат 200 млн теңгеден 5 лотқа бөлінген.
Жобаларды қарастыру нәтижесінде қазылар алқасы ең тиімді деген 9 бастаманы іріктеп алды. Олардың ішінен өңірдегі туризмнің дамуына айтарлықтай әсер ете алатын финалдық жеңімпаздар анықталады.
Бұл байқау облысты елдегі жетекші туристік өңірлердің біріне айналдыруға ықпал ететін үздік бастамаларды қолдауға бағытталған. Байқаудың соңғы қорытындысы жақын арада жарияланбақ.