ШҚО-тұрғындары өз пәтерлерінде есірткі өсірген
Шығыс Қазақстан облысының полициясы есірткі заттарын заңсыз өсіруге арналған екі шағын жылыжай қызметінің жолын кесті

Тәркіленген тыйым салынған заттың жалпы салмағы 570 грамнан асты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция қызметкерлері облыстың 57 және 35 жастағы тұрғындарының пәтерлерінен арнайы жабдықталған фитолабораторияларды анықтады. Олардың бірі жарықдиодты шамдармен, желдету және фильтр жүйесімен жабдықталып, шкафтың ішінде орналасқан болса, екіншісі термобокс түрінде жасалған болып шықты. Тінту кезінде қарасора өсімдігі, оларды өсіруге арналған құрылғылар, сондай-ақ өсімдік тектес зат салынған түйіншектер тәркіленді, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.