Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -11°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -11°
  • Шымкент
    +10°
$
502.47
525.83
¥
69.26
5.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі автобустар наурыздан бастап "ONAY" электрондық билеттеу жүйесіне көшеді

Жүйе жолаушылар үшін төлем жасауды жеңілдетуге, маршруттарды оңтайландыруға бағытталған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі автобустар наурыздан бастап "ONAY" электрондық билеттеу жүйесіне көшеді
Фото:
onay.kz

Қазіргі таңда "ONAY" электрондық билеттеу жүйесін жасаушы көлік холдингі қаладағы барлық тасымалдаушы кәсіпорындармен келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазіргі таңда қаладағы барлық тасымалдаушы кәсіпорындармен келісімшарт жасалды. Жалпы саны 10 компаниядан тұратын бұл кәсіпорындар 300-ден астам қоғамдық көлікті қамтиды. Жүйеге 55 бағыт, соның ішінде үш трамвай бағыты енгізілді. Сондай-ақ көше-жол желісі цифрландырылды, бұл көлік құралдарының жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Абзал Маулетханов.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – төлем жасау тәсілдері ыңғайлы болмақ.

Қалалық әкімдік тарапынан жолаушылар үшін жол ақысын төлеудің бірнеше тәсілін енгізу талап етілді. Сол үшін біз төлем жасаудың 6-7 тәсілін ұсынып отырмыз, - дейді Алматы қаласының "Көлік холдингі" ЖШС бас директоры Дәурен Сәбитов. – Мысалы, жолаушылар жол ақысын кәдімгі картамен және виртуалды картамен төлей алады. Ал бұл карталарды банк қосымшалары арқылы оңай толтыруға болады. Сондай-ақ QR-код сканері арқылы, СМС арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. Автобуста адам көп жиналған уақыттарда картаны басу немесе QR-код сканерлеу қиын болады. Сондай уақыттарда ұялы қосымшада өзіңіз отырған автобус суреті көрініп тұрады, сол суреттің үстінен басу арқылы да жол ақысын төлеуге болады. Оған қоса мобильді сервистермен интеграциялану арқылы жолаушылар өз бағыттарын алдын ала жоспарлай алады. Арнайы мобильді қосымша көлік қозғалысын және кестесін нақты уақыт режимінде көрсетеді.

Осы орайда айта кеткен жөн, қазіргі "Oskemen card" карталарына ақша салу үшін халық арнайы толтыру орындарына баруға мәжбүр.

Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде. Жергілікті билікпен бірлесіп, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар және басқа да санаттар үшін көлік карталарын беру мәселесі қарастырылды. 16 жеңілдік категориясы бойынша 100 мыңға жуық тұрғынның картасы тегін ауыстырылады. Ал басқа тұрғындар алдағы уақытта қаланың екі жерінде қойылатын өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарынан сатып алады. Картаны алғаш алғанда құны 800 теңге, ал қайта шығару 1800 теңге, – деді Дәурен Сәбитов

Одан өзге, "ONAY" жүйесі автобус бағыттарын ретке келтіруге көмектеседі. Жолаушылар ағынын егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді: ең көп кептеліс қай уақытта байқалады және қандай бағыттарда өзгерістер керек. Қажет болған жағдайда қоғамдық көліктің қатынауын жиілету, сондай-ақ кептеліс уақытында қосымша автобус шығару бойынша шаралар қабылданады.

Айта кетейік, қазіргі таңда бұлд жүйені Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран және Талдықорған сияқты қалаларда қолданылады.


Следующая →