Өскемендіктер фристайл чемпиондарын қарсы алды
Өскемен тұрғындары фристайлшылар Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Антон Бондарев және Павел Колмаковты қарсы алды

Шығысқазақстандық спортшылар Әлем чемпионаты, Қысқы Универсиада мен Әлем кубогында ел намысын қорғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Анастасия Городко Қысқы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Әлем чемпионатында ел қоржынын бір алтын және бір күміс медальмен толықтырды.
Мен өз нәтижелеріме ризамын. Әрине қиындықтар болды. Онсыз бәсекелестік болмайды. Бәріне дайын болуы мүмкін емес, бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасадым, - деді Анастасия Городко
Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев Универсиаданың күміс медалін иеленді.
ШҚО-да қысқы спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Болашақта олар талай белесті бағындырады деп сенемін, - дейді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаев.