ШҚО-да 14 жыл бойы жасырынған алаяқ ұсталды
Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қаңтар айында бес қылмыскерді ұстады

Олардың екеуі бұрынғы жылдары жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қылмыскерлердің бірі алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып, Алматы қаласынан табылды. Қазіргі уақытта сол қаладағы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары заңнан жасырынған тұлғалардың орналасқан жерін анықтау бойынша белсенді жұмыс жасауды жалғастыруда.