Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде "Жеңіске 100 күн" патриоттық акциясы аясында сарбаздар ардагерге көмек көрсетті

"Жеңіске 100 күн" патриоттық акциясы аясында 27943 әскери бөлімінің басшылығы мен ШҚО Қорғаныс департаментінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Галоватюкке көмек көрсетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде "Жеңіске 100 күн" патриоттық акциясы аясында сарбаздар ардагерге көмек көрсетті
Фото:
Өскемен горнизонынан

27943 әскери бөлімінің сарбаздары соғыс ардагернің үй маңынын қардан тазалап, қамқорлық көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Ардагер Михаил Яковлевич 1943 жылы небәрі 16 жасында еңбек армиясына шақырылып, Иркутскіден Байкалға дейін созылған "Жасыл жолды" салуға атсалысқан. 1944 жылы ол Қызыл Әскер қатарына алынып, 579-атқыштар полкінің құрамында Жапонияға қарсы шайқастарға қатысып, автоматшы болған.

Ардагерлер тарихымыздың тірі куәгерлері, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасау – кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Осындай игі шаралар арқылы біз олардың ерлігін еске алып, мәңгілікке сақтаймыз, - деді ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Асет Адамбаев.

27943 әскери бөлімінің сарбаздары мен Қорғаныс департаментінің өкілдері Михаил Яковлевичке ерлігі мен қайсарлығы үшін алғыс айтып, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі.


Следующая →