ШҚО-ның қай өңірінде зейнеткер көп?
Облыстағы зейнеткерлердің көбі Алтай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласында тұрады екен

"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы облыстағы зейнеткерлер саны бойынша стиатистикалық мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алтай ауданында 14 753, Риддер қаласында 11 245, ал Глубокое ауданында 11 159 зейнеткер бар.
Зейнеткерлер саны ең аз Марқакөл ауданында – 1385 адам, Катонқарағай ауданында - 1967 және Үлкен Нарын ауданында – 2225 адам зейнет жасында.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 140 106 зейнетақы алушы бар, - деді "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚШҚОФ директорының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі орынбасары Айжан Агибаева. – Оның ішінде Өскемен қаласында 68 189 зейнеткер және 71 917 зейнеткер - аудан тұрғындары.
Ресми деректер бойынша Қазақстанда 2 млн 400 мыңнан астам зейнеткер бар. 2025 жылы жалпы негізде зейнетке шығу жасы - 63 жас, әйелдер үшін 61 жас. 2028 жылдан бастап ҚР заңнамасы негізінде әйелдер үшін зейнеткерлік жас жыл сайын 6 айға ұлғаяды. Мұндай өсім 2031 жылға дейін, ең жоғары шекті деңгейге жеткенге дейін 63 жасқа дейін болады.
Семей полигонының радиациялық тәуекел аймақтарында 1949-1963 жылдар аралығында кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың ертерек зейнетке шығуға құқығы бар: ерлер 50 жаста, әйелдер 45 жаста.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің азаматтарына зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға жүгіну қажет.