Өскемендіктер жолдар қардан уақтылы тазартылмайтынына шағымдануда
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов "Таза Өскемен" мекемесіне барып, коммуналдық қызметтердің жұмысымен танысты

Арнайы техникаларды қарап, қызметкерлермен кездесіп, қаланы тазарту жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын қардан тазартып, көктайғақтың алдын алып, шатырдағы мұзды уақтылы құлату жұмыстарын жандандыру қажет. Қала тұрғындары жаяу жүргіншілер жүретін жолының тазалығына көңілдері толмайды. Коммуналдық қызметтер жұмысына инновация енгізу қажет, - деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Қала әкімінің айтуынша, жаз айларында тазалық жұмыстарын жүргізетін құралдар мен жаңа шаң сорғыштар алу қажет. Сонымен қатар шаһар басшысы бар техникаларға дұрыс күтім жасау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, кездесу барасында алдағы уақытта тазалық жұмыстарын жүргізуге жаңа техникалар алу, жұмысшылардың жағдайын жасау мәселелері де қаралды.