Шекара маңындағы Шанағатты ауылында медициналық пункт салынады
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына барып, ең шалғай әрі шекарада орналасқан Шанағатты ауылында болды

Облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ең алдымен ауылды сумен, интернетпен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеу мәселелері қозғалды. Облыс басшысы су мәселесін жаздың ортасына дейін шешуді тапсырды.
Құжаттарды дайындауға екі айға жуық уақыт керек. Ал жол мәселесіне келсек, Марқакөл мен Шанағатты арасындағы 25 шақырым тасжолды жөндеуге 300 миллион бөлу қажет. Бұл мәселені жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары қарастырады, -деді Ермек Көшербаев.
Сонымен қатар облыс әкімі ауылға медициналық пункт салуды тапсырды. Тұрғындар жедел жәрдем көлігін сатып алу керектігін жеткізді.Аймақ басшысының айтуынша, ауылды дамыту үшін тұрғындарға жер телімдерін беру қажет.
Биыл Марқакөл ауданында 12 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Тұрғындарға жерді игеруге арналған дамытуға мен жүзеге асыруға болатын жобаларды түсіндіру қажет. Жұмыс күші тапшы аумаққа оңтүстіктен қоныс аударушыларды әкелуге болады, - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімә халықтың басқа елді мекенге көшуіне жол бермеу мақсатында Шанағатты ауылында азаматтардың бос уақытын тиімді өткізу үшін арнайы орталық құруды тапсырды.
Айта кетейік, осыған дейін Шағанатты ауылында бірде-бір облыс әкімі немесе басқарма басшысы іссапармен болмаған.