Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +12°
$
495.28
+6.13
538.32
+4.85
¥
68.35
+0.82
5.77
+0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да оқушылар сабақты қашықтықтан оқиды

Облыста 6-шы ақпан ауа температурасы -27-35 градусқа дейін суық

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да оқушылар сабақты  қашықтықтан оқиды
Фото:
pixabay.com

ШҚО білім басқарамасының ақпаратына сәйкес,6-шы ақпан облыста ауа температурасының төмендеуінен Өскемен қаласы мектептерінің бастауыш сыныптары және бірнеше аудан мектептері сабақты қашықтықтан оқиды, деп хабарлайды Устинка  LIVE тілшісі.

Катонқарағай ауданында ауа температурасы -30-32 градусқа дейін төмендеуінен мектептер қашықтықтан оқуға көшеді.

Алтай ауданында сыртқы ауа температурасы -34-35 градусқа суық. Аудандағы мына 1-ші және 2-ші ауысымда оқитын 0-11 сыныптар мен 1-2 колледж курстары сабақты онлайн оқиды:

Первомай орта мектебі, Чапаев орта мектебі, М. Бекетов атындағы орта мектебі, Леснопристань орта мектебі, Путенцов орта мектебі, Зубовск орта мектебі, Маяк орта мектебі, Соловьев орта мектебі, Быков орта мектебі.

Ауа температурасының 32 тен -33 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алтай ауданының мына мектептері 0-9 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:

№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі, № 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі, Первороссия орта мектебі, Тұрғысын орта мектебі, Быков негізгі мектебі.

Ауа температурасының -29 градусқа дейін төмендеуінен мына мектептердегі 0-4 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:

Октябрь орта мектебі, Бородино орта мектебі, Дородница негізгі мектебі, Новокрестьян бастауыш мектебі, Подорленок бастауыш мектебі, Крестов бастауыш мектебі,Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі.

Самар ауданында ауа температурасы -27 ден -34 градусқа төмендеуіне байланысты Сарыбел орта мектебі, Мариногорка орта мектебі 0-11 сыныптары, М. Дулатұлы атындағы негізгі мектебінің 0-9 сыныптары сабаұты үйден оқиды. Ал Жанажол шағын жинақтық бастауыш мектебі, Амангелді орта мектебі, Жамбыл атындағы орта мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектебі, Ж. Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, Аққала ауылындаға мектеп-балабақша кешенінің 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді.

Следующая →