ШҚО онкологтары тегін қабылдау жүргізеді
Бұл қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау үшін жүргізілетін шара

Алдағы демалыс күні орталықтың жетекші мамандары тегін тексеріс жүргізіп, кеңес береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
8 ақпанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау және алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді. Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қзыметі.
Келушілер өзімен бірге жеке басын куәландыратын куәлігін ала келсе жеткілікті.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, КДО. Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.