Өскемен
ясно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    -4°
  • Орал
    -10°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +10°
$
502.47
525.83
¥
69.26
5.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі ең үлкен сауда үйі көктемде ашылады

Облыс орталығында Maxi Mall сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысы жүріп жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі ең үлкен сауда үйі көктемде ашылады
Фото:
Устинка LIVE/В. Иванов

Жаңа кешен облыстық драма және оперетта театры маңында орналасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақшышов мамандармен бірге жаңа нысанның құрылыс барысын тексеріп қайтты. Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, кешен құрылысы аяқталуға жақындаған, тіпті орын жалға алушылар орналасатын аумақтарын жөндей бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кешеннің ішінде кинотеатр, фудкорт, балалар ойын алаңы, танымал бренд бутиктері, кеңселер, түрлі тәтті-дәмділер сатылатын орындар болады. 

50 мың шаршы метр аумақты алатын орталықта 1900 көлікке арналған тұрақ та қарастырылған. Одан өзге, электрмен қуаттайтын станциялар алаңын да ашу жоспарда бар. Ал кешен аумағында саяжай, балалар және ойын алаңдары да болады. Мердігер компания тіпті субұрқақ қоймақ.

Өскемен қаласының әкімінің жалпы жұмыс қарқынына көңілі толса да жер асты паркингі жоқтығына ескерту жасады.

Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Қалада қыс қатты. Сауда кешеніне көлікпен келушілерге жер асты паркингі ыңғайлы болар еді. Болашақта жаңа нысандарды жоспарлаған кезде осыны ескеру қажет, - деді Алмат Ақышов.

Maxi Mall 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында ашылады деп жоспарлануда.

Следующая →