ШҚО-да талапкерлерге арналған білім көрмесі өтеді
Оған қатысуға елдің әр түкпіріндегі білім беру мекемелерінің өкілдері келеді

Бұл республикалық көрме Өскеменде алғаш рет өткізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Vipusknik.kz - 2025" республикалық білім көрмесі 17-18 ақпанында өтеді. Оған Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының білім беру мекемелері қатысады.
Бұл мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастың жаңа форматтарын дамытуға мүдделі жетекші университеттер ұсынылған оқу орындары үшін бірегей алаң. Көрмеге қатысу білім беру ұйымдарына Шығыс Қазақстан облысының талапкерлерімен кәсіптік бағдар жұмысын күшейтуге, оларға білім беру бағдарламалары мен заманауи білім берудің бірегей мүмкіндіктері туралы айтып беруге мүмкіндік береді.
Көрмені талапкерлерге арналған Vipusknik.kz мамандандырылған республикалық интернет-порталы ұйымдастырады. Ол қазақстандық порталдардың ТОП 100 рейтингіне енген. 2024 жылы Vipusknik.kz порталы 5 миллион қаралымға жетті.
Көрмеге Өскемен қаласындағы барлық мектептердің 9, 10, 11-сынып оқушылары, яғни қаладағы 49 мектептен 8 мыңға жуық оқушы жиналады. Бітіруші мектеп түлектерін жан-жақты қамту үшін көрмеге облыстағы 189 аудан мектептерінің оқушылары арасында zoom конференциясы арқылы қосылу да жоспарлануда, бұл 10 500-ден астам оқушынының қатысуын қамтамассыз етеді.