Өскемен
облачно
-22°
  • Өскемен
    -22°
  • Алматы
    -6°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -6°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    +1°
$
515.97
-4.30
537.8
+0.15
¥
70.97
-0.78
5.25
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО кітапханаларының бірінде нейро-ассистент қызмет көрсетеді

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент – DosAI-дың тұсаукесері өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО кітапханаларының бірінде нейро-ассистент қызмет көрсетеді
Фото:
pixabay

Оқырмандар нейро-ассистент жұмысымен жұма күні таныса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұған дейін біз тек фантастикалық кітаптардан ғана кезіктіретін жасанды интеллект қазір өміріміздің барлық саласына, соның ішінде кітапхана қызметіне де етене енуде. Нейро-ассистент – DosAI-дың тұсаукесері 7 ақпан күні сағат 11.00-де өтеді.

DosAI сандық ассистенті кітапхананың негізгі сайтына (www.pushkinlibrary.kz) біріктіріліп, пайдаланушылардың сұрақтарына жедел жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға және кітаптарды таңдауға көмектесіп, пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттырады. Мысалы, DosAI кітапхананың жұмыс тәртібі туралы, қалай кітапхана оқырманы болуға болады, ағымдағы іс-шаралар мен көрмелер, кітапханада жұмыс істейтін үйірмелер мен клубтар, кітапхананың қандай ресурстарынан өлкетану сипатындағы ақпаратты табуға болатынын айтып, пайдаланушының қалауын саралап, оның қалауынан шығатын кітаптарды ұсына алады.

Осылайша, кітапхананың нейро-ассистенті пайдаланушылардың көмекшісіне айналмақ. Қажетті әдебиеттер мен ақпаратты іздеудің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға, кітапхана ресурстарының қолжетімділігін дамытуға мүмкіндік береді. Электрондық каталог, жинақтар және т.б. қамтитын ақпараттық-кітапханалық өнімдер мен қызметтерді ілгерілетудің таптырмас құралы болмақ.

Следующая →