Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да балаларды буллингтен қорғау туралы кеңес өтті

Өскеменде облыс әкімі, білім басқармасы мен ювеналдық полиция өкілдері, психологтар, ШҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен балаларды буллингтен қорғау туралы кеңес өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да балаларды буллингтен қорғау туралы кеңес өтті
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Жиын барысында балаларды буллингтен қорғау жолдары талқыланып, әлеуметтік желідегі контентті сүзгіден өткізуге үйрету мәселелері көтерілді, деп хабарлйды Устинка LIVE тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, мектеп психологтарының жұмысын сараптап, баладларды адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлін күшейту маңызды.

Балаларға көмек қажет жағдайда қайда жүгінуге болатындығы жайлы ақпараттың болуы өте маңызды. Осы ретте мектеп психологтарының рөлін нығайтып, ата-аналармен жұмысты күшейту қажет. Олар бала мәселесін уақытында түсіне алады. Мектеп оқушыларына өз құрдастарының жетістіктері туралы айту маңызды деп санаймын. Өйткені бұл балалардың жетістікке жетуге құлшынысын арттырып, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырады, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ жиын барысында ата-аналарға бала бойындағы өзгерістерді бірден байқап, көмекке жүгіну құралдарын әзірлеу қажеттігі айтылды. Облыстағы жастардың түрлі салада жетістіктерге жетіп жатқаны туралы да мысалдар келтірілді. Мамандар балалар арасындағы келіспеушіліктердің шешімі бар екенін де атап өтті.

Следующая →