Өскемен
ясно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -13°
  • Актау
    -6°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -18°
  • Шымкент
    +5°
$
499.76
-3.85
521.7
-3.26
¥
68.85
-0.27
5.63
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде "Ес-аға" фотожурналистика клубы ашылады

Бұл клубта фототілші болғысы келетіндерге суретке түсіру әдістері мен қыр-сыры үйретіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде "Ес-аға" фотожурналистика клубы ашылады
Фото:
pexels

Клуб жұмысы марқұм белгілі фотограф Есімхан Орынбаевтың 70 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Ес-аға" фототілшілер клубының ашылу салтанаты 7 ақпан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді.

Қазақстан Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы, "Егемен Қазақстан" газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлының жетекшілігімен жұмыс істейтін  "Ес-аға" клубы өмірі Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты белгілі фотограф Есімхан Орынбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Есімхан Орынбаев

Есімхан Орынбаев 1955 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Иркутск мемлекеттік университетінің фотография бөлімін тәмамдаған. 1986 жылы Өскеменге көшіп келіп, облыстық "Коммунизм туы" (қазіргі "Дидар") газетіне жұмысқа тұрып, өмірін шығармашылығымен ұштастырған. Оның суреттерінде түрлі адамдар, оқиғалар мен фактілер бейнеленген және бір жұмыс екіншісіне ұқсамайды. Ол әр сәттің керемет көріністерін сомдай білген өз саласының нағыз маманы, керемет отағасы әрі дос, қалжыңқұмар әрі мейірімді де қайырымды жан. Оны жай ғана – Есаға дейтін. Бір сөзбен айтқанда, Есағаның фотоқорында Шығыстың бүтін бір тарихы жатыр.

"Ес-аға" клубының мақсаты - болашақта фототілші болуға ынта-ықыласы бар жерлестерімізге өз қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік беру. Фотожурналистикаға бейімі бар адамдарға фотопортрет, пейзаж, фоторепортаж, фотоочерк және тағы басқа түсірудің тәсілдерін үйрету, шеберліктерін шыңдау.

Клубта арнайы жоспар құрылып, аптасына бір рет дәріс берілетін болады.

Следующая →