Өскеменнен бірнеше ауданға қатынайтын автобус бағыттары қайта жанданады
Бүгіннен бастап облыс орталығынан Алтай, Саратовка, Отрадное ауылдарына автобус жүреді

Одан өзге, Өскеменнен Үлкен Нарынға, Семейге, Предгорное ауылына баратын тұрақты маршруттарды қайта іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 3 ақпаннан бастап "Өскемен-Алтай", "Өскемен-Саратовка-Отрадное" тұрақты маршруттары жаңартылатынын хабарлайды.
"Өскемен-Алтай":
- Өскемен қаласынан шығу уақыты сағат 13-30, 16-30-да;
- Алтай қаласынан шығу уақыты сағат 06-30, 10-00-де.
Жол жүру құны 2 700 теңгені құрайды.
"Өскемен-Саратовка-Отрадное":
- Өскемен қаласынан шығу уақыты сағат 08-00, 18-00-де;
- Отрадное ауылынан шығу уақыты сағат 06-20, 19-10-да.
Жол жүру құны 600 теңгені құрайды.
"Уварово арқылы Өскемен-Предгорное", "Өскемен-Үлкен Нарын", "Өскемен-Семей" тұрақты маршруттарды қайта бастау жоспарланып отыр, - деп хабарлады ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.