Қалихан Ысқақтың мерейтойына орай жазушылар арасында сайыс өтеді
Биыл Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, жазушы-драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы
Мерейтойға орай әлеуметтік желіде қысқа әңгіме жазудан сайыс өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қалихан Ысқақ – Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы әдеби сыйлықтың, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері.
Катонқарағай ауданының әкімдігі әлеуметтік желі қолданушылары арасында 6 қаңтар – 6 наурыз аралығында қысқа әңгіме сайысын өткізеді.
Қалихан Ысқақтың шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау және қазақи көркем сөз қолданысын дамыту, халық арасынан қысқа әңгіме шеберлерін анықтау мақсатында қысқа әңгіме байқауы өткізіледі, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі. - Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 14 наурыз күні Катонқарағайда өтетін шараға шақырылады және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Сайыстың негізгі талаптары:
- Әңгіме бұрын еш жерде жарияланбауы керек;
- Әңгіме еркін тақырыпта 14-шрифпен жазылған А4 форматындағы төрт беттен аспайтын деңгейде жазылады;
- Барлық шығармалар #Qaliqan90 хештегімен өз парақшасында жарияланады;
- Ең көп лүпіл мен жағымды пікірлер жинаған он шығарма арнайы төрешілердің талдауына жіберіледі;
- Барлық ақпарат әлеуметтік желіде жарияланып отырады.