Өскемендіктер "Инватакси" қызметін қалай шақырта алады?
"Инватакси" қызметі 2014 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыс істейді
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер "Инватакси" қызметін қалай шақырта алады? Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер "Инватакси" қызметін қалай шақырта алады?](/upload/iblock/975/y57rjidybiunhmns4u8ukdw4i88p1rpx/kak_vyzvat_invataksi_v_ust_kamenogorske.jpg)
Өскемен қаласында қызметті "Алтын-Ай" әйелдер мүгедектер қоғамдық бірлестігі көрсетеді. 2024 жылы 13 417 тапсырыс орындалды, қызметті 151 адам пайдаланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, "Инватакси" қызмет қозғалысы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ F84.0-F84.5 аутизм спектрі бұзылысы, F70-F79 ақыл-ой кемістігі диагнозы бар адамдарға автокөлік қызметін көрсетеді.
"Инватакси"қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі адамдарды автокөлікпен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қызмет көрсету бойынша барлық сұрақтарға мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: 61-26-40, +7-777-264-17-63.