Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +24°
$
511.92
588.91
¥
71.27
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да тау беткейлеріне қар көшкінінің алдын алатын автоматтандырылған құрылғылар орнатылды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары мен ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" мамандары пилоттық жоба аясында қар көшкіні қауіпінің алдын алатын дербес автоматтандырылған жүйесінің датчиктерін орнатты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да тау беткейлеріне қар көшкінінің алдын алатын  автоматтандырылған құрылғылар орнатылды
Фото:
ШҚО ТЖД

Жүйе беткейлерден қар массасының түсу қаупі туралы ескертіп, өңірде уақтылы алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ғалымдармен ынтымақтастықты бірнеше жылдан бері жүргізіп келеміз. Басты мақсат қар көшкіні белсенділігін зерттеу және мониторинг жүйесін құру. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша қаржыландырылды. Облыс аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар учаскелерді алдын ала жүйелеу жүргізілді. Қар өлшеуіш маршруттар әзірленді. Заманауи әдістер мен ГАЖ технологияларын қолдана отырып, учаскелерді картаға түсірілді. Пилоттық жобада мониторинг жүйесінің алғашқы датчиктерін орнату бүгін Глубокое ауданында басталды, - дейді "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы басшысының м.а. Телгат Нурахмет.

ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың айтуынша, ғалымдармен ынтымақтастық облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Температураның жоғарылауы, жауын-шашынның артуы, қардың желмен тасымалдануы қар көшкінінің ықтималдығын арттыратындықтан, оларды болжаудың тиімді құралдары қажет болды. Мониторингтің автоматтандырылған жүйе нақты уақыт режимінде қажетті деректерді жинауға, бейнебақылау жүргізуге, оның ішінде қар өлшеуіш маршрутқа бақылаушылардың шығуы қиын болған кезде, күрделі метеожағдайларда, қар көшкіні жағдайы бойынша қажетті болжам алуға және алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді,-деп түсіндірді Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің цифрлық офицері Наталья Денисова.

Следующая →