Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +22°
$
514.94
-0.24
583.74
+13.08
¥
70.56
+0.27
6.13
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 770-тен астам отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық анықталды

Бұл 20 қаңтардан 29 қаңтар аралығындағы көрсеткіш

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 770-тен астам отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық анықталды
Фото:
Устинка LIVE

Бұл күндері республикалық "Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Рейд барысында тәртіп сақшылары үш мыңға жуық азаматты тексерді. Нәтижесінде 778 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның 166-сы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты, - деп хабарлайды ШҚО ПД. - Профилактикалық шаралар барысында отбасылық жанжалдарға бейім 185 азамат есепке алынған. Оларға қатысты жәбірленушілерге жақындауға және зорлық-зомбылық жасауға тыйым салатын қорғау ұйғарымдары шығарылды. Алайда 37 адам аталған шектеулерді бұзып, жауапкершілікке тартылды.

Соттың шешімімен алкогольдік ішімдік ішуге және отбасында зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынған 81 заң бұзушыға қатысты "ерекше талаптар" қойылды. Алайда бұл талаптарды да орындамаған 37 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

10 күндік жедел профилактикалық іс-шара барысында 240-тан астам әйел психологиялық көмек алу үшін дағдарыс орталықтарына жіберіліп, 11 жәбірленуші уақытша тұруға арналған баспанада орналастырылды, - делінген хабарламада. - Полицияға 30 жастағы әйел күйеуінің мас күйінде зорлық-зомбылық көрсеткені жайлы арызданған. Тәртіп сақшылары жәбірленушіні дағдарыс орталығына жіберіп, ал құқық бұзушыны сот белгілеген арнайы талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты. Қазіргі уақытта материалдар сотқа жолданып, заң бұзушыға 10 тәулікке қамау жазасы төніп тұр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ЖПІШ өткізілген кезеңде 151 әйел көмек сұрап жүгінген.

Следующая →