Өскемен қаласы әкімінің жаңа аппарат басшысы тағайындалды
Өскеменде қала әкімінің аппаратының басшысы тағайындалды

Фото:
Өскемен қаласы әкімдігінен
Қала әкімінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы өкімімен Азамат Қарағызов Қожабекұлы қала әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Азамат Қожабекұлы Өскемен қаласында туып, өскен. Құқықтану және техникалық физика бакалавры мамандығын, сонымен қатар магистр дәрежесін алған. Жалпы еңбек өтілі 10 жыл, оның 9 жылы мемлекеттік қызметте.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы тілдері дамыту және архивтер басқармасында бас маманы қызметінен бастаған.
- 2016 жылдан 2019 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында жетекші маманан бөлім басшысы қызметіне дейінгі әртүрлі лауазымдар;
- 2019-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауызымында;
- 2022 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
- Өңірлік кадр резервінің резервисті.